Байқаулар туралы ақпарат

URBAN ART ASTANA

URBAN ART ASTANA көше өнерінің екінші фестивалі 2019 жылғы фестивальға қатысуға байқау жариялайды

2018 жылы Қазақстанның астанасында URBAN ART ASTANA Халықаралық көше өнерінің тұңғыш фестивалі өтті. Ол кезде фестиваль аясында қазақстандық және халықаралық суретшілер Сарыарқа ауданындағы 8 үйдің қасбетіне сурет салды. Суретшілердің арасында 310 тобы, Максим Реванш, Евгений Ches пен өзге суретшілер болды.

Бұл табысты тәжірибені жалғастыра отырып, биылғы жылы фестиваль өзінің шекараларын кеңейте түсті. 2019 жылы өтетін URBAN ART ASTANA тек Сарыарқа ауданын ғана емес, Байқоңыр мен Алматы аудандарын да қамтитын болады.

Қазіргі кезде фестиваль сұлбаларды қабылдау бойынша халықаралық байқау жариялайды. Ұтқан сұлбалар қаладағы үйлердің қасбеттеріне салынады. Барлық қабылданған өтінімдер, іріктеудің бірінші кезеңінен өткізу үшін, халықаралық әділ-қазылар алқасына ұсынылады. Іріктеудің келесі кезеңдері Астана қаласының Қала құрылысы кеңесінде сұлбалардың қаралуын және Астана тұрғындарының интернет дауыс беруін қамтиды.

Фестивальға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімін келесі сілтеме бойынша таба аласыз: https://www.cultura.kz

Сұлбалардың халықаралық байқауының Deadline: 31наурыз 2019 жыл.​

Ұйымдастырушы: Астана қаласының әкімдігі
Координатор: «Еуразиялық Мәдени Альянс» ҚБ

Қосымша сұрақтар бойынша:
Ксения Захарова, «ЕМА» ҚБ
Тел./ WhatsApp: +7 707 522 12 83
E-mail: urban.art.astana gmail.com