«АБАЙ-ВЕРН» ШӘКІРТАҚЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ 2022-2023 оқу жылы

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 2022 жылдың 26 маусымы

«Абай-Верн» шәкіртақылық бағдарламасы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасындағы бірлескен бағдарлама.

Бұл Бағдарлама шеңберінде мамандық таңдауға шектеусіз қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын екінші оқу жылындағы магистранттар үшін 30 шәкіртақы және диссертациялық жұмысын бірлескен ғылыми жетекшілік негізінде жүзеге асыруды көздеген докторанттар үшін 5 шәкіртақы ұсынылады.

Магистратура бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу шарттары:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • жас шамасы шектеусіз;
  • 2022-2023 оқу жылында Қазақстанның жоғары оқу орындарынының бірінде оқитын 2-ші курс магистранттары;
  • Франциядағы жоғары оқу орындарының біріне магистратура бағдарламасы бойынша 2-ші оқу жылына (Master 2) қабылданғаны жөніндегі шақыру-хатының болуы;
  • қос диплом бағдарламалары шеңберінде білім алып жатқан магистранттарға басымдық беріледі.

Докторантура бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу шарттары:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • жас шамасы шектеусіз;
  • 2022-2023 оқу жылында Қазақстанның жоғары оқу орындарынының бірінде диссертациялық жұмысын бірлескен ғылыми жетекшілік негізінде жүзеге асыруды көздеген 1-ші курс докторанттары;
  • Франциядағы жоғары оқу орындарының біріне докторантура бағдарламасы бойынша 1-ші оқу жылына қабылданғаны жөніндегі шақыру-хатының болуы.

Бағдарламаның қаржылық шарттары:

«Абай-Верн» бағдарламасының шәкіртақы иелері келесі басымдықтарға ие болады:

магистранттар үшін - айына 10 ай ішінде (қыркүйектен маусымға дейін) 800 еуро және докторанттар үшін – 3 жыл ішінде жылына 6 ай мерзімге айына 1200 еуро көлемінде шәкіртақы төленеді (ЖОО бұйрық шығарған кездегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің курсы бойынша);

әлеуметтік қамту бойынша Француз үкіметінің шәкіртақысы (BSC). Бұл шәкіртақы мынадай артықшылықтарды қарастырады:

  • Француз Республикасының Жоғарғы білім, ғылыми зерттеулер және инновация министрлігіне қарайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарында тіркеу жарнасын төлеуден босатылуы;
  • жыл сайын төленетін CVEC студенттік жарнаcынан босатылуы;
  • жылына 264 еуро көлемінде қосымша сақтандыру шығыстарын өтеу;
  • Университет және мектеп істері жөніндегі өңірлік оратлығы (CROUS) жатақханаларынан орын алуға көмек көрсету;
  • Campus France агенттігімен ұйымдастырылатын мәдени іс-шараларға қатысу үшін жеңілдік тарифтері;
  • VISALE тұрғын үй тегін кепілдігі;
  • CAF отбасы жәрдем қоры тарапынан тұрғын үйге ақы төлеу үшін көмек алу;
  • Француздық әлеуметтік сақтандырудың жалпы жүйесіне тегін бекітілу;
  • Францияның Қазақстандағы Елшілігі тарапынан тегін ұзақ мерзімді студенттік виза берілуі.

Түсініктеме:

  • Көлік шығыстарын студенттер өз қаражаты есебінен төлейді.
  • Студент барлық сабаққа қатысуға міндетті, олай болмаған жағдайда шәкіртақыдан айырылады.
  • Оқу жылы барысында студент шәкіртақыдан бас тартқан жағдайда (төтенше жағдайларды қоспағанда), аударылған қаражат толық көлемінде қайтарылады.

Үміткердің құжаттамасы:

«Абай-Верн» бағдарламасы бойынша үміткердің құжаттамасы келесі құжаттардан құрылуы тиіс:

1) француз жоғары оқу орындарынан немесе ғылыми-зерттеу орталығынан магистратура немесе докторантура бағдарламалары бойынша оқуға алдын ала қабылдау туралы шақыру-хатының болуы. Қабылдау рәсімі аяқталмаған жағдайда, өтініштің көшірмесін қоса тіркеу қажет;
2) екі түйіндеме: біріншісі таңдалған бағдарламаның тіліне байланысты француз немесе ағылшын тілінде, екіншісі – қазақ немесе орыс тілінде;
3) уәждемелік хат: таңдалған бағдарламаның тіліне байланысты француз немесе ағылшын тілінде, сондай-ақ қазақ немесе орыс тілінде (1 парақ, тек алдыңғы жағы);
4) паспорт көшірмесі – бірінші беті;
5) бакалавриаттан бастап дипломдар мен бағалары бар қосымшалардың куәландырылған көшірмелері;
6) француз тілінде оқу бағдарламасын таңдаған үміткерлерге: B1 (DELF, DALF, TCF) деңгейінен төмен емес француз тілін меңгергенін растайтын сертификат. Бұл талап француз тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында білім алған үміткерлерге қолданылмайды;
7) ағылшын тілінде оқу бағдарламасын таңдаған үміткерлерге: В2 (ТОЕІС, ТОЕFL, ІЕLТS) деңгейінен төмен емес ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификат. Бұл талап ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында білім алған үміткерлерге қолданылмайды.

Докторантураға түсетін үміткерлер қосымша мына құжаттарды тапсырады:

1) ғылыми жетекшінің пікірімен қоса, сондай-ақ қазақ немесе орыс тілдерінде, ғылыми-зерттеу жобасының қысқаша сипаттамасы (диссертация жазылған тілге байланысты француз немесе ағылшын тілдерінде 2 бет);
2) шығарылған ғылыми жарияланымдарының немесе еңбектерінің (ағылшын немесе француз тілдерінде), сондай-ақ қазақ немесе орыс тілдеріндегі тізбесі;
3) ғылыми жетекшілерден ұсыныс хат ағылшын тілінде немесе француз тілінде (еркін нысанда), екіншісі-қазақ немесе орыс тілдерінде.

Үміткердің құжаттамасын жіберу тәртібі:

  • Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 2022 жылдың 26 маусымы (сағат 24:00-ге дейін).
  • Үміткердің құжаттамсын 10 Мб аспайтын PDF форматында электрондық пошта арқылы келесі мекенжайға жіберу қажет: abai.verne gmail.com
  • БАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР КЕЛЕСІ АТАУМЕН БІРЫҢҒАЙ ҚҰЖАТТАМАДА ЖИНАЛУЫ ТИІС:

Магистратура бағдарламалары үшін: 2022Master_NOM_PRENOM
Докторантура бағдарламалары үшін: 2022PhD_NOM_PRENOM

Дұрыс рәсімделмеген құжаттамалар қарауға жатпайды.

  • Құжаттама қабылданған кейін үміткерлерге электрондық пошта арқылы хабарлама жіберіледі.

Конкурс комиссиясы

Үміткерлерді іріктеуді тәуелсіз Қазақстан-француз аралас комиссиясы жүзеге асырады.

Конкурстың нәтижелерін жариялау:

Конкурстың нәтижелері 2022 жылдың 12 шілдесінде Францияның Қазақстандағы Елшілігінің https://kz.ambafrance.org/ сайты және https://www.culturefrance.kz сайтында жарияланады.

Қосымша ақпарат:

Магистратура бағдарламалары бойынша каталог :
ағылшын тілінде:
http://taughtie.campusfrance.org/tiesearch/#/catalog

француз тілінде :
http://cataloguelm.campusfrance.org/master/#/catalog

Докторантура бағдарламалары бойынша каталог :
https://doctorat.campusfrance.org/phd/dschools/main

Барлық қосымша сұрақтар бойынша үміткерлер Француз Альянстары жанында орналасқан Campus France агенттіктеріне жүгіне алады.

Бұл материалдарды көшіру кезінде www.culturefrance.kz сайтына сілтеме міндетті.