Француз тілі мектепте

Cен-Сир әскери лицей оқушыларының Алматы қаласының І. Есенберлин атындағы №25 гимназиясына келуі (12-19 қантар 2018 жыл)

Үшінші жыл қатарымен ең беделді әскери лицей Cен-Сир Мектебінің он бес оқушысы Қазақстанға келуде.

Жасөспірімдер төрт оқытушы, сонымен қатар беделді мекеменің басшысы - полковник Тьерри Ассоньон жетекшілігімен келді. Тіл және Қазақстан тарихына кіріспе сабақтарынан бөлеколар Алматы қаласының ең басты мәдени орындарымен танысты. Сондай-ақ, оқушылар спорт бағдарламасына қатысты.

Осы сапар Астана қаласының А. Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы шәкірттерінін 2018 жылдың көктемінде Париж округінің Cен-Сир Мектебіне баруымен жалғасады.

Үш жылға көзделген осы алмасу аясында Қазақстанмен байланысты нығайту үшін және ел жастарына француз оқу жүйесінде оқуын жалғастыруға мүмкіндік беру мақсатымен әскери лицей Cен-Сир Мектебі қазақстандық азаматын - Айнұр Ижанова ханымды 2016-2017 оқу жылының бітіруші сыныбына қабылдады. Қазіргі кезде ол, француз емтиханын тапсырып, Тулуза университетінің тарих факультетінде оқуын жалғастырып жүр.



КТК телеарнасының осы мектеп аралық алмасу жөніндегі репортажы (15 қантар 2018 жыл):



Әскери лицей Cен-Сир Мектебінің оқушылары әскери болып табылмайды. Тек дайындық сыныптарының оқушылары осы мәртебеге ие. Олардың ата-аналарының көбісі кәсіби әскерилер немесе мемлекеттік қызметкерлер. Мектеп оқушыларының 15% әлеуметтік өлшем бойынша шәкіртақы алушылар. Осы беделді мекеменің бұрынғы оқушыларының қатарында Генерал де Голль болған, 2016 жылдың маусым айында Генераль де Голь - Қазақстан аумағына алғаш сапар шеккен француз мемлекет басшының, Байқонырға келуінің 50 жылдығын атап өттік.


№25 Ілиас Есенберлин атындағы гимназия француз тілін тереңдетіп оқытатын Қазақстандағы жалғыз мекеме. Ол 1937 жылы өз есігін ашты және өз дәуіріне үлестерін қосқан Қазақстан ұрпағын тәрбиелеген : Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының Төрағасы Қ. Тоқаев, Ұлттық Банктің құрметті басқарушысы Д. Сембаев, кәсіпкер және қазақ-француз кәсәпкерлер кеңесінің вице-президенті А. Кәрібжанов, және тағы да басқалар.



Аталмыш жоба Қазақстандағы Франция Елшілігі және Алматы қаласының Француз Альянсы, қатысушы мекемелердің, Airbus, Alstom және Thalès компаниялардың және Алматы қаласының оқу департаментінің қолдауымен ұйымдастырылған.